Салалас құрмалас сөйлем оның түрлері
Ответ
0/5 (0 оценок)
0
fariza2727 5 лет назад
Светило науки - 40 ответов - 1181 помощь
Кемінде екі жай сөйлемнен құралған күрделі сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз.Мыс: Аспанда бұлт болмасын, жерде гүл солмасын.

Құрамындағы жай сөйлемдердің өзара байланысу жолдарына қарай құрмалас сөйлем 3 бөлінеді.

Салалас құрмалас сөйлем

Сабақтас құрмалас сөйлем

Аралас құрмалас сөйлем.



Құрамындағы жай сөйлемдері өзара тәуелсіз, тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемді салалас құрмалас сөйлем дейміз. Мыс: Табыс өзінен – өзі келмейді, оны қажырлы еңбекпен жеңіп алу керек.(1. Табыс өзінен-өзі келмейді. 2. Оны қажырлы еңбекпен жеңіп алу керек. )

Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері :

Ыңғайлас салалас

Түсіндірмелі салалас

Қарсылықты салалас

Себеп- салдар салалас

Талғаулы салалас

Кезектес салалас