Адебиет зілді бұйрық Шығармада байқалған халықтың мақсат-мұраты арман-аңсары туралы талқылап əдеби эссе жазыңыз! көмектесіңізші
Ответ проверен экспертом
0.1/5 (53 оценки)
84
damettie 4 года назад
Светило науки - 1851 ответ - 60958 раз оказано помощи

Зілді бұйрық  

                          Әдеби эссе

   Жамбыл Жабаев - қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы.Оның қаламынан небір жыр мен дастандар жазылды.Солардың бірі де бірегейі – «Зілді бұйрық»  өлеңі.Аталмыш өлеңінде ақын патшаның 1916 жылы қазақтан соғыстың қара жұмысына адам алу туралы жарлығына батыл қарсылық білдірген.

  Жамбыл Жабаев бұл өлеңді көнеден қалған тарихқа жүгініп жазбады.Ол сол кездегі осы бір азапты оқиғаны көзбен көрген жандардың бірі.Өлеңнің:

«Верныйден» жандаралдар бұйрық қылды,

Құйрығы бұйрығының тіпті зілді. ,

«Отыз бір - он тоғызды алад» деген

Суық хабар халықты бұлқындырды.

Жылады сорлы халық, малын айтып,

«Кеткен соң қолдан шығып, келмес қайтып», -

Дейді де еңірейді, егіледі,

Қайғының күні-түні күйін тартып,-деген жолдары соның дәлелі.Ақын өлеңге еш фантастика қоспай,сол бір бейнет заманның,кара халықтың жай-күйін,мұң мен зарын осылайша әсерлі жеткізуінің өзі бір шеберлік десек,қателеспейміз.

  Халықтың өміріндегі қуанышқа да,күйінішке де ортақ бола білген ақын әрдайым көптін қамын алдыңғы кезекке қойып сөйлегендігін шығарманы оқып отырып-ақ түсінеміз.Ханның емес,халықтың сөзін жырлаған өлеңінде сол дәуірдегі оқиға мен ақынның айтайын деген ойы үндестік тапқандығы таң - тамаша етеді.Зұлымдықтың Верныйден қазақ еліне аяқ басуы,тіс қайрауы,халықтың жұмылып қарсы шығуы,кінәсіз жандардың нақақ қамалуы,атылуы бейне бір шешілмес түйін,шыңырау іспетті.Шым-шытырықты Жамбыл  Жабаев:

Аттандық ұлығының қонысына,

Елді сорған борсықтай болысына.

Көп ерлер қаза тапты жауға аттанып

Көксеген азаттықтың соғысында,-деп,аңсаған егемендік жәймен келе салмайтынын,оған деген жолда ел азаматтарының құрбан болатындығын күйіне айтады.

   Қорытындылай келе айтарым,Жамбыл Жабаевтың "Зілді бұйрық" өлеңі біздің ата бабамыздың өмірінен өнеге мен өсиет береді.Әлбетте,қазір еліміз аман,жұртымыз тыныш.Сол үшін де тарих сахнасында осы бір ел тыныштығы үшін қыршыннан кеткен тұлғаларға алғысымыз шексіз және біз олармен,осындай ел жанашыры Жамбыл Жабаевпен мақтанамыз.