2. Кир массагеттермен соғысу үшін қандай
айла ойлап тапты?​
Ответ
0/5 (0 оценок)
0
makhambetovaxazal 3 года назад
Светило науки - 11 ответов - 11 раз оказано помощи

Ответ:

Ертеде біздің жерімізде еркіндік сүйгіш сақтар өмір сүрген. Шамамен екі жарым мың жыл бұрын құдіретті парсы патшасы Кир оларды бағындыруды ойлайды. Оның əскерінің тегеурініне ешкім төтеп бере алмайтын. Кирдің жеңімпаздығы туралы дақпырт əлемді шарлап кеткен. Алайда сақтарды бағындырамын деген ойы іске аспай, керісінше, бүкіл əлемге масқарасы шығады. Оқиға былай болған екен. Кир жақсы қаруланған əскерін сақ-массагеттерді бағындыруға аттандырады. Сақ-массагеттердің падишасы ер жүрек Томирис еді. Кир оған елшісін жіберіп «Маған тұрмысқа шықсын» деген ұсыныс жасайды. Патшайым Кирдің ойы өзінде емес, патшалықты иелену екенін түсініп, оң қабақ танытпайды. Ол Кир əскерінің өзеннің арғы бетінде – шекарада тұрғанын білгендіктен, елші жіберіп, кері қайтуын ұсынады. Алайда парсылар өзеннен өтіп, массагеттердің тобына жауыздықпен шабуыл жасайды. Олар Томиристің ұлы Спаргаписті тұтқынға алады. Патшайым тағы да Кирден жерінен кетіп, Спаргаписті азат етуді талап етеді. Бірақ Кир шабуылын жалғастыра береді. Осы кезде бұғаудан құтылған Спаргапис өзіне қол жұмсайды. Ызаға булыққан Томирис Кир əскерін толық талқандайды. Осы шайқаста парсы патшасы Кир өліп, оның 200 мың жауынгері жер жастанады. Патшайым Томирис «Іздегенің қан еді, ал іш, ендеше!» деп оның басын қан толтырылған меске батырады.Парсылар сақтардың еркіндік үшін өз өмірін қиюға əзір екенін түсініп, басқыншылық жорықтарын тоқтатады. Кир әскері өзеннен өтіп массагеттерге шабуыл жасап, біраз әскерін қиратып, алдап-арбаумен тұтқындарды қолға түсіреді. Оның ішінде Томиристің ұлы Спаргапис те бар еді. Геродоттың айтуы бойынша Томирис өзінің әскері мен ұлының жағдайын естіп Кирден ұлын босатуды, әскерлерін сақ жерінен өз еркімен алып кетуді талап етіп, хабаршы жібереді