• Мои ответы
  • Мои вопросы
gulnar1109202030 4 года назад

Ответ:

Құрметті досым!

Сізді 1-мамыр мерекесі– Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Мамырдың бірінші күндері Қазақстан аса жарқын әрі мейрімді мерекелерінің бірі – Қазақстан халықтарының бірлігі күнін тойлайды.

Бұл достық, сыйластық пен ынтымақ мерекесі. Бұл 150 астам ұлт мекендейтін елімізде бейбіт өмір сүру үшін талап етілетін қағидалар. Қазақстанның кең шаңырағы астында қазақстар, өзбектер, орыстар, украиндіктер, неміс, корей, ұйғұр, қырғыз, армян, грузин және көптеген басқа ұлт өкілдері тұрады. Осы ұлттардың әрқайсысы бірегей таптырмас қасиеттерге ие, дегенмен Қазақстан аумағында біз – тату өмір сүретін бір халықпыз. Бірінші мамыр мерекесінің мәні де осы.

Сізге және жақыныңызға зор денсаулық, бақыт пен шаттық, мол табыс тілейміз!

Құрметпен,

…………… құттықтайды!

gulnar1109202030 4 года назад

Ответ:

Құстар қайтып барады...

Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып

Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып

Зымырлайды менің бала кезімдей

Бір жалт етіп өте шыққан, өте шыққан сезімдей, - деп Тұмағаңжырлағандай көктемде тамаша әндерімен келген құстардың да сызылтып ән сала, қимастықпен қайтатын кездері де таяп жетті. "Алақайлап", қолымызды бұлғап күтіп алғанымыз кеше ғана секілді еді...

Құстар қайтуын қайтады ғой, бірақ қайда? Сіз осы сауалды бүгінге дейін өзіңізге немесе өзгеге қойып көрдіңіз бе? Қоймаған болсаңыз, бізден сұраңыз! Берер жауабымыз дайын!

Адамзат баласы сонау қадым замандардан бері құстардың қоңыр күзде көзден жырақтап, көктемде қайта пайда болатындығын байқаған. Қанаттылардың маусымдық көшіп-қону үдерісінің құпиясын ақтарунебір ұлы ғалымдар мен ғұлама ойшылдардың армандарына айналды. Аталған құпияны шешу барысында ақылға сыймастай, санамен өлшенбестей, бір-бірінен асып түсетін небір болжамдар айтылды. АтақтыАристотель қыста тек қана тырналар мен бірқазандар кетеді, ал қалғанқұстар тығылып қалады немесе басқа түрге айналады деген пікір айтқан.

Сізге өтірік, бізге шын! Тіпті, өсімдіктер мен жануарлар жүйесін топтастырған Карл Линнейдің өзі қарлығаштар қыстың күндерінде су астын мекендейді деген екен.

"Естімеген елде көп" демекші, кейіннен ортағасырларда ағылшын ғалымдары құстар қыста айға қарай ұшады, олар онда алпыс күнде ұшып жетеді де, еш азық таппағандықтан, терең ұйқыға кетеді дегенді айтты.

Іздеген жетер мұратқа, адамдар құстардың маусымдық көшіп-қонуының құпиясын тапты. Барлығының себебі - жай ғана "қыс" екен.

Дымқыл тұман басқан күздегі суық пен аштық құстарды солтүстік жарты шардан оңтүстік өлкеге қарай қуады. Ал оңтүстік жарты шарды мекендеп жүрген қанаттылар солтүстіктің қысына қоныс аударады. Жалпы маусымдық көші-қон үдерісіне құстардың үш түрі қатысады.

Ұшқыштардың чемпионы – полярлық біз тұмсық шағалалар өздерінің ыстық ұяларынан 160 мың шақырым жерге барып қыстайды, яғни Арктикадан Оңтүстік Африкаға сапар шегеді. Қарлығаштар 14 мың шақырымды бағындырып, Патогония жеріне (Оңтүстік Америка) барып қонақтаса, көкқұтандар жылы өлкеге жету үшін 13 мың шақырым бойы қалықтап ұшады  екен. Тырналар мен үйректер Ніл өзенінің жағалауын,сауысқандар, сары шымшықтар, шұбар шымшықтар Франция, Испания, Италия жерін, бұлбұлдар, көкектер Африка саванналарында қыстайды. Ал біздің өлкеден кеш кететін қаздар Каспийдің, Қырымның, Қара теңіздің жағалауына қарай қоныс аударатын көрінеді.

Ал жыл құстарының қыстаудан кейін өз ұяларын қалай табатындығын әлі ешкім ашып айта алмайды. Бірқатар ғалымдар олар жұлдызды немесе күнді бағдарға алады дейді. Және де кейбір құстар, мәселен, қаздар жай ғана қайтар жолын есте сақтайды екен.

Мамандар туған өлкесіне қайта ұшатын мез­гілдің жеткенін құстар күннің ұзарғанына қарап білетіндігін айтады. Мысалы, көктемнің хабары білінісімен оңтүстікте де күн ұзара бас­тайды. Бұл арада құстардың қайтатын уақыт­тары да әртүрлі болады. Негізі, қанатты доста­рымыздың 60-тан астам түрі жыл құстары болып есептеледі. Олар демалып-демалып ұшатындық­тан, жолдың өзіне екі айға жуық уақыт кетеді. Ал құстардың түрлі қиындықтарға қарамастан, Отанына оралуы­на олардың тірші­лік­ке неғұрлым қолайлы орта іздейтіндігі себеп­кер болады. Мы­са­лы, жазда оңтүстікке қарағанда солтүстік аймақ­тарда күн мейлінше ұзақ болады. Бұл құс­тар­дың күні бойы қорек іздеп, балапан­дарын қиын­дықсыз асы­рауы­на көбірек мүмкіндік бере­ді.

gulnar1109202030 4 года назад

Компьютердің зияны туралы мақалалар өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бастап жарық көрген.Әсіресе, ондағы алуан түрлі ойындар жеткіншек балалар мен бүлдіршіндердің денсаулығына, жүйке жүйесіне зақым келтіретінін сол кезден-ақ ғылыми негізде дәлелденген.

Пайдасы бар, зияны одан да зор".

Соңғы он жылда дүниеге келген балалардың планшет, смартфон немесе компьютерге телініп отырғанын жиі көріп жүрміз. Ата-анасының телефонына жармасқан баланың денсаулығына қаншама зиян келіп жатқанын мамандар әр тұсынан айтып келеді. Осы заманауи технологиялардың баланың ермегі ғана болып қалмай

Соңғы он жылда дүниеге келген балалардың планшет, смартфон немесе компьютерге телініп отырғанын жиі көріп жүрміз. Ата-анасының телефонына жармасқан баланың денсаулығына қаншама зиян келіп жатқанын мамандар әр тұсынан айтып келеді. Осы заманауи технологиялардың баланың ермегі ғана болып қалмай, тәрбиелеуші құралы болып та кеткендей. Осы орайда Тengrinews.kz тілшісі Қазақ психологиялық қоғамының вице-президенті, "Жан шуағы" психология орталығының директоры Күлмаш Елшібаеваның компьютер ойындарының бала психологиясына зияны мен пайдасы жайлы деректерін бөліседі. 

компьютерлік ойындар бірінші кезекте

"Мамандардың зерттеуіне сүйене отырып, бұл озық технологияларды ұзақ пайдаланудың бала психологиясына кері әсерлерін саралап көрсек. Біріншіден, шамадан тыс ақпараттар тасқыны баланы енжарлыққа душар ететін көрінеді.

Компьютер алдында көп отырудың әсері ғалымдары компьютерге әуестіктің он белгісін көрсетіп берді. Олар: 

- компьютер алдында бір ойынды ойнап бірнеше сағат отыру; 

- ата-аналарымен кикілжіңге бару; 

- үйге кешігіп келу; 

- сабаққа үлгерімі нашарлап; 

- сабаққа жиі бармай қалу; 

- баланың бұрынғы достарымен қарым-қатынасы азаяды; 

- өзі сияқты компьютерге үйірсектермен ғана араласады; 

- күнделікті ақшаға сұранысы көбейеді; 

- берген уәдесін орындамайды; ашуланшақ, мазасыздану мінездері пайда болады; 

У тебя пока нет ни одного вопроса

Найти вопрос

У тебя пока нет ни одного друга

Найти друзей