Жылы жаққа ұшатын
құстар көктемде солтүстік-
ке, ал күзде оңтүстікке
қарай ұшады. Оның себебін
білесің бе?​
Ответ
0/5 (0 оценок)
0
gulnar1109202030 1 год назад
Светило науки - 8 ответов - 0 раз оказано помощи

Ответ:

Құстар қайтып барады...

Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып

Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып

Зымырлайды менің бала кезімдей

Бір жалт етіп өте шыққан, өте шыққан сезімдей, - деп Тұмағаңжырлағандай көктемде тамаша әндерімен келген құстардың да сызылтып ән сала, қимастықпен қайтатын кездері де таяп жетті. "Алақайлап", қолымызды бұлғап күтіп алғанымыз кеше ғана секілді еді...

Құстар қайтуын қайтады ғой, бірақ қайда? Сіз осы сауалды бүгінге дейін өзіңізге немесе өзгеге қойып көрдіңіз бе? Қоймаған болсаңыз, бізден сұраңыз! Берер жауабымыз дайын!

Адамзат баласы сонау қадым замандардан бері құстардың қоңыр күзде көзден жырақтап, көктемде қайта пайда болатындығын байқаған. Қанаттылардың маусымдық көшіп-қону үдерісінің құпиясын ақтарунебір ұлы ғалымдар мен ғұлама ойшылдардың армандарына айналды. Аталған құпияны шешу барысында ақылға сыймастай, санамен өлшенбестей, бір-бірінен асып түсетін небір болжамдар айтылды. АтақтыАристотель қыста тек қана тырналар мен бірқазандар кетеді, ал қалғанқұстар тығылып қалады немесе басқа түрге айналады деген пікір айтқан.

Сізге өтірік, бізге шын! Тіпті, өсімдіктер мен жануарлар жүйесін топтастырған Карл Линнейдің өзі қарлығаштар қыстың күндерінде су астын мекендейді деген екен.

"Естімеген елде көп" демекші, кейіннен ортағасырларда ағылшын ғалымдары құстар қыста айға қарай ұшады, олар онда алпыс күнде ұшып жетеді де, еш азық таппағандықтан, терең ұйқыға кетеді дегенді айтты.

Іздеген жетер мұратқа, адамдар құстардың маусымдық көшіп-қонуының құпиясын тапты. Барлығының себебі - жай ғана "қыс" екен.

Дымқыл тұман басқан күздегі суық пен аштық құстарды солтүстік жарты шардан оңтүстік өлкеге қарай қуады. Ал оңтүстік жарты шарды мекендеп жүрген қанаттылар солтүстіктің қысына қоныс аударады. Жалпы маусымдық көші-қон үдерісіне құстардың үш түрі қатысады.

Ұшқыштардың чемпионы – полярлық біз тұмсық шағалалар өздерінің ыстық ұяларынан 160 мың шақырым жерге барып қыстайды, яғни Арктикадан Оңтүстік Африкаға сапар шегеді. Қарлығаштар 14 мың шақырымды бағындырып, Патогония жеріне (Оңтүстік Америка) барып қонақтаса, көкқұтандар жылы өлкеге жету үшін 13 мың шақырым бойы қалықтап ұшады  екен. Тырналар мен үйректер Ніл өзенінің жағалауын,сауысқандар, сары шымшықтар, шұбар шымшықтар Франция, Испания, Италия жерін, бұлбұлдар, көкектер Африка саванналарында қыстайды. Ал біздің өлкеден кеш кететін қаздар Каспийдің, Қырымның, Қара теңіздің жағалауына қарай қоныс аударатын көрінеді.

Ал жыл құстарының қыстаудан кейін өз ұяларын қалай табатындығын әлі ешкім ашып айта алмайды. Бірқатар ғалымдар олар жұлдызды немесе күнді бағдарға алады дейді. Және де кейбір құстар, мәселен, қаздар жай ғана қайтар жолын есте сақтайды екен.

Мамандар туған өлкесіне қайта ұшатын мез­гілдің жеткенін құстар күннің ұзарғанына қарап білетіндігін айтады. Мысалы, көктемнің хабары білінісімен оңтүстікте де күн ұзара бас­тайды. Бұл арада құстардың қайтатын уақыт­тары да әртүрлі болады. Негізі, қанатты доста­рымыздың 60-тан астам түрі жыл құстары болып есептеледі. Олар демалып-демалып ұшатындық­тан, жолдың өзіне екі айға жуық уақыт кетеді. Ал құстардың түрлі қиындықтарға қарамастан, Отанына оралуы­на олардың тірші­лік­ке неғұрлым қолайлы орта іздейтіндігі себеп­кер болады. Мы­са­лы, жазда оңтүстікке қарағанда солтүстік аймақ­тарда күн мейлінше ұзақ болады. Бұл құс­тар­дың күні бойы қорек іздеп, балапан­дарын қиын­дықсыз асы­рауы­на көбірек мүмкіндік бере­ді.